Алматы қаласы Білім басқармасының
«№21 гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 386-93-86
Есепші бөлімі:
+7(727) 386-93-86
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
сәуір
2026

Аудандық «ӨрнекFest» байқауы

       Бүгін, 28.04.2026ж №88 жалпы білім беретін мектепте Бостандық аудандық білім бөлімі және қалалық көркем еңбек, сурет, графика және жобалау пәні мұғалімдерінің қауымдастығы ұйымдастыруымен 4-5, 6-7 сынып оқушылары арасында аудандық  «ӨрнекFest» байқауы ұйымдастырылды«ӨрнекFest» – ұлттық ою-өрнек өнерін насихаттауға арналған шығармашылық сурет байқауы  оқушылардың эстетикалық талғамын дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру және ұлттық мәдениетке қызығушылығын қалыптастыру мақсатында өткізілді. Байқаудың  ашылу салтанатына   Бостандық ауданы Білім Бөлімінің  басшысы  және «ӨрнекFest» жобасының авторы Айгүл Жұмабекқызы  қатысты.